АЛМАТЫ, 12 қаңтар - Sputnik. Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында ҚР тұңғыш президенті Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды.
Министрліктің мәліметінше, ескерткіш түбегейлі жойылған жоқ.
"ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен "ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті" атауы "ҚР Ұлттық қорғаныс университеті" болып өзгертілді. Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан Назарбаев ескерткішін ҚР Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғимаратына көшіру және орнату туралы шешім қабылданды", - дейді ведомстводағылар.
Министрлік ескерткіштің қорғаныс ведомствосы ғимараттарының бірінде уақытша сақтаулы тұрғанын айтады. Тиісті дайындықтан соң ескерткіш мұражай ғимаратына көшіріледі.