Жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемді өтініш бермей-ақ алуға болады

Былтыр отбасының цифрлық картасы арқылы 333 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілді
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Өткен жылы 333,2 мыңға жуық адам өтініш берместен жәрдемақы немесе төлем алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2023 жылы отбасының цифрлық картасы арқылы 843,9 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды.
"Сонымен қатар 64,6 мыңнан астам жұмыссыз азамат жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі таңда Отбасының цифрлық картасында Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 миллионнан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.
Қазіргі уақытта ОЦК арқылы өтінішсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік бар.