Жаңа жылдан қалған шырша ағаштары зообақта кәдеге асырылып жатыр

Биылдың өзінде 50-ден астам ағаш жануарлардың қажетіне жараған
Sputnik
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Қарағандыдағы хайуанаттар бағы осымен 10 жыл қатарынан Жаңа жыл мерекесінен қалған шыршалар мен қарағайларды қабылдап келеді.
Себебі қылқан жапырақтылар біріншіден қорек, екіншіден табиғи төсеніш болады. Биылдың өзінде 50-ден астам ағаш жануарлардың қажетіне жараған, деп хабарлады 24.kz.
"Марал, бұғы табиғатынан осымен қоректенеді ғой. Хайуандар да иіскелеп ойнайды. Малдың астына төсеуге де керек, текке далада шіріп қалғанша пайдаға асады. Өздерің көріп тұрсыңдар, маралдар ақырын-ақырын жеп жатыр. Жолбарыстың балалары ойнайды, сонымен тырнақтарын тазалайды", - дейді хайуанаттар бағының зоотехнигі Әмин Алин.