АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Рада мобилизациялау жобасы бойынша әлі шешім қабылдамағанын мәлімдедіндағы "Слуга народа" фракциясының жетекшісі Давид Арахамия үкіметтің мобилизациялау туралы заң жобасына қатысты шешімді депутаттар қорғаныс министрлігі өкілдерімен бірге парламенттің келісім кеңесінде қабылдайтынын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Сәрсенбі күні таңертең Украина депутаты Алексей Гончаренко Рададағы "Слуга народа" партиясы мобилизация туралы даулы заң жобасын министрлер кабинетіне қайта қарауға қайтару туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
"Бүгін біз фракцияның отырысын өткіздік, қазіргі жағдай мен алдағы күндерге арналған жұмыс жоспарын талқыладық. Бізге еш қатысы жоқ адамдардың пабликтерінен фракцияның шешімдері туралы ақпаратты көргенімізге таңғалдық. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", — деп жазды Арахамия өзінің Telegram каналында.
Ол заң жобаларын қарау бойынша барлық шешім "Қорғаныс министрлігінің әскери қолбасшылығы мен басшылығы шақырылатын келісім кеңесінде" қабылданатынын айтты.
Еске сала кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский желтоқсанда өткен баспасөз мәслихатында Украина қарулы күштерінің Бас штабы қосымша 450-500 мың адамды әскерге мобилизациялау туралы өтінішпен жүгінгенін айтты. Желтоқсанның соңында Украина үкіметі парламентке мобилизациялау туралы заң жобасын ұсынды.
Украинада 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап әскери жағдай режимі енгізілді. Келесі күні Зеленский жалпыға ортақ мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Соғыс жағдайы кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдардың Украинадан шығуына тыйым салынған.