Елдің алты облысында республикалық маңызы бар жолдар жабық

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады
Sputnik
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Алты облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі.
Жамбыл облысында — 1 учаске:
1. "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 534-593 шақырымы, Айша-Бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін — 59 км.
Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.

Карағанды облысында — 1 учаске:
1. "Екатеринбург-Алматы, Солтүстік Шығыс айналма жолы" автожолының 0-16 шақырымы, Пришахтинск ауылынан Новостройка ауылына дейін — 16 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.

Қостанай облысында — 1 учаске:
1. "Жезқазған-Петропавловск" автожолының 253-335 шақырымы, Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін — 82 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.

Солтүстік Қазақстан облысында — 2 учаске:
1. "Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское" автожолының 65-194 шақырымы, Возвышенка ауылынан -Қиялы ауылына дейін – 129 км.
2. "Көкшетау-Омск" автожолының 213-280 шақырымы, Кішкенекөл ауылынан - РФ шекарасына дейін — 67 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады

Түркістан облысында — 1 учаске:
1. "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 593-654 шақырымы, Жамбыл облысының шекарасынан - Жібек Жолы ауылына дейін (Машат өткелі).
Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.

Ұлытау облысында — 1 учаске:
1. "Жезқазған-Петропавловск" автожолының 137-152 шақырымы, Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін — 15 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 809 бірлік техника және 1535 жолшы жұмылдырылды.