Картинада балықты құшақтап ұйықтап жатқан мысық бейнеленген. Таиландта күріш пен балық молшылықты білдіреді. Ал туристер мен мысықты жақсы көретіндер үй жануарының бейнесін тамашалауға келеді. Жер иесі олар үшін бақылау алаңдары мен мұнаралар салып жатыр.
Таньяпон Джайкхамның айтуынша, бұл туристерді көбірек тартуға және сол арқылы өңірді дамытуға жаңа мүмкіндіктер жасауға жол ашады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы және экология мәселелеріне назар аудартудың ең тиімді тәсілі болуы мүмкін.