АСТАНА, 10 қаңтар - Sputnik. "Ақ Бидай терминалы" АҚ компаниясының астық терминалы биыл 400 мың тонна астық жөнелтуді жоспарлап отыр, деп хабарлады "Азық-түлік корпорациясы".
Бұл өткен жылғы ауыстырып тиеу көлемінен 3,2 есе көп. Сол кезде терминал 126 мың тонна астық жөнелткен.
"Азық-түлік корпорациясы" терминалдан тек Иранға
15 779 тонна бидай;
106 714 тонна арпа;
3348 тонна жүгері жіберілгенін атап өтті.
2024 жылдың қаңтарында терминал 18 800 тонна астықты жөнелтуге келісім жасалғанын атап өтті "Азық-түлік корпорациясы".
"Ақ Бидай – Терминал" АҚ астық терминалы Қазақстан Республикасындағы Ақтау теңіз портында Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан.
Терминал Қазақстан Республикасы президентінің 2002 жылғы жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Агроазық-түлік бағдарламасын" іске асыру шеңберінде құрылды. Бағдарлама қазақстандық астық экспортын, ең алдымен Кавказ өңірі мен Таяу Шығыс елдеріне тұрақтандыруға және кеңейтуге бағытталған.