Кеніштегі автобус апаты: қазба жұмыстары күні-түні жүргізіліп жатыр

Арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. "Майқайың-алтын" АҚ аумағында ойыққа түсіп кеткен автобусты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
қазба жұмыстары күні-түні жүргізіліп жатыр
Арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Шұңқырдың түбіне дейін әлі де 40 метрден астам жолды қазу қажет. Ауыр техника асқан сақтықпен және шұңқырдың бүйір қабырғаларының құлау қаупіне байланысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеуде", - делінген хабарламада.
қазба жұмыстары күні-түні жүргізіліп жатыр
Әкімдіктің хабарлауынша, барлығы 90 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды. Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.
Шахтадағы трагедия: автобус тегіс жолмен келе жатқанда жер опырылып кеткен – министр