Былтыр 1,4 мың шақырымнан астам теміржол жөнделді

Жол жөндеу кезінде отандық Ақтөбе рельс-арқалық зауытының рельстері қолданылады
Sputnik
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. 2023 жылы 1 443 шақырым теміржол жаңартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп"Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
Шамамен 550 шақырым рельстің шпал торы ауыстырылып, күрделі жөндеуден өткізілді.
"Күрделі жөндеу жұмыстары магистральдық желінің Ақмола, Павлодар, Семей, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау бөлімшелерінің учаскелерінде орындалды. Одан басқа күшейтілген, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Рельс тіректері, бағыттамалық бұрмалардың 634 жиынтығы ауыстырылды", - делінген хабарламада.
Жол жөндеу кезінде отандық өндіріс өнімдері қолданылады. Рельстерді Ақтөбе рельс-арқалық зауыты шығарады. Жыл сайын магистральдық теміржол желісін жаңғырту үшін 80 мың тоннаға жуық рельс өнімі жеткізіледі.
2024 жылы 1400 км жолды жөндеу жоспарлануда. 2029 жылға дейін - 11 мың шақырым теміржол учаскесі жөндеуден өтеді.