Ауа райына байланысты 7 облыста жол жабылды

Sputnik
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 7 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

Ақмола облысы

1.
"Екатеринбург - Алматы" 1292-1353 шақырымы, Жібек жолы ақы алу пунктінен – Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық – 61 шақырым.

Ақтөбе облысы

1.
"Самара-Шымкент" 1153-1240 шақырымы, Ырғыз ауылынан – Қызылорда облысының шекарасына дейінгі аралық – 87 шақырым.

Жетісу облысы

1.
"Үшарал-Достық" 84-184 шақырым, Көктұма станциясынан – Достық станциясына дейін – 100 шақырым.

Қарағанды облысы

1.
"Екатеринбург-Алматы, Солтүстік Шығыс айналма жолы" 0-16 шақырымы, Пришахтинск ауылынан – Новостройка ауылына дейін – 16 шақырым.
2.
"Екатеринбург - Алматы" 1353-1426 шақырымы, Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 шақырым.
3.
"Екатеринбург - Алматы" 1426-1446 шақырымы, Теміртау ақы алу пунктіне дейін – Теміртау қаласына дейін – 20 шақырым.

Қостанай облысы

1.
"Жезқазған-Петропавловск" 253-335 шақырымы, Ұлытау облысының шекарасынан– Арқалық қаласына дейін – 82 шақырым.

Қызылорда облысы

1.
"Самара-Шымкент" 1240-1657 шақырымы, Ақтөбе облысының шекарасынан – Жосалы ауылына дейін – 417 шақырым.

Солтүстік Қазақстан облысы

1.
"Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское" 65-194 шақырымы, Возвышенка ауылынан –Қиялы ауылына дейін – 129 шақырым.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қардан тазалауға 706 техника мен 1355 адам жұмылдырылды.