АСТАНА, 10 қаңтар - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау шараларына кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукеновтың айтуынша, туризм жане спорт министрлігінің, соның ішінде оған ведомстволық бағынысты ұйымдардың спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жүргізіліп жатыр.
"Бұдан басқа, спорттық іс-шаралар мен жиындар, жабдықтар мен спорттық тағамды сатып алу, шетелдік іссапарларды ұйымдастыру, сыйақылар, спорт нысандарын салу, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстау бойнша бюджеттік және бюджеттен тыс кездер зерделенетін болады",-деді Тілеукенов бүгінгі брифингте.
Талдау жұмысына агенттіктен бөлек мүдделі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысып жатыр.
"Жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдау жүргізуге қатысуға шақырады. Егер сізде жемкорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе спортты қаржыландыру саласын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды электронды поштаға (karipova.a@antikor.gov.kz) жіберуіңізді сұраймыз", - деп атап көрсетті Тілеукенов.