Тоқаев таяу арада Әзербайжанға барады – Қазақстан елшісі

Тоқаев мемлекеттік сапар аясында Әзербайжанның Физули қаласында Құрманғазы атындағы балалар шығармашылық орталығының ашылу рәсіміне қатысады
Sputnik
АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Таяу арада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел Report әзербейжан басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Ол Қазақстан президентінің сапары аясында Физулиде Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанаты өтетінін айтты.
Құрманғазы атындағы балалар шығармашылық орталығының құрылысы 2023 жылы басталып, сәтті аяқталды.
Өткен жылдың желтоқсан айында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты шақырған еді.
Бұған дейін Ақорда Қазақстан президентінің шешімімен Физули қаласында Құрманғазы атындағы шығармашылықты дамыту орталығының іргесі қаланатыны хабарлаған болатын.
Мемлекет басшысы қазақ халқының атынан жасалған бұл сыйлық елдеріміздің достығының, бауырластығының және өзара қолдаудың тағы бір нышаны болатынын атап өтті.
Мәдениет
Қазақ халқының атынан жасалған сый: Әзербайжанда шығармашылық орталық салынады