Семейдегі цемент зауытында өрт шықты

Sputnik
АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Семейдегі цемент зауытында транспортер таспасы жанды, деп хабарлайды Абай облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт 9 қаңтарда сағат 12:30 шамасында болған.
Семейдегі цемент зауытында өрт шықты
"Барлау барысында әктас беру галереясында транспортер таспасы жанғаны анықталды. Өрт 390 шаршы метр аумақта оқшауланды", - дейді ведомство.
ТЖД мамандары өртенген жерден 50 литрлік 9 газ баллонын шығарған. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 47 адамы, 13 бірлік техника жұмылдырылды.