Ресей мен Қазақстан арасындағы зымыранға қарсы "Балқаш" торабы туралы келісім тоқтады

"Балқаш" - бұл Ресейдің зымырандық шабуыл туралы ескерту жүйесі. Қорғаныс министрлігі Ресейде төрт жаңа радиолокациялық станция іске қосылғандықтан, "Балқаш" артық болды деп түсіндірді.
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 қаңтар - Sputnik. Ресей мен Қазақстан арасындағы "Балқаш" қазақстандық торабы туралы келісім тоқтады, деп хабарлайды РИА Новости. Ресей СІМ-нің тиісті хабарламасы сейсенбіде ресми құқықтық ақпарат порталында жарияланды.
"2023 жылғы 16 желтоқсанда Ресей Федерациясының үкіметі мен Қазақстан Республикасының үкіметі арасындағы 2014 жылғы 2 желтоқсанда Мәскеуде қол қойылған ресейлік зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесі "Балқаш" қазақстандық торабын беру шарттары және одан әрі пайдалану тәртібі туралы келісім тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Ресей президенті Владимир Путин келісімнің күшін жоятын федералды заңға 2020 жылдың шілдесінде қол қойды.
Құжатта "Балқаш" торабының құрамына ресейлік зымырандық шабуыл туралы ескерту және ғарыш кеңістігін бақылау жүйелерінің құрамында қолданылатын "Днепр" радиолокациялық станциясы кіретіні айтылған.
Қорғаныс министрлігі Ресейде төрт жаңа радиолокациялық станция іске қосылғандықтан "Балқаш" торабы артық болды деп түсіндірді. Ресейлік мүлік келісім аяқталғанға дейін Ресейге шығарылады. Келісім күшін кез келген тарап жоя алады, бірақ хабарлама оның қолданысы аяқталғанға дейін кемінде жарты жыл бұрын жіберілуі тиіс.