Кеніштегі автобус апаты: құтқарушылар ойық түбіне түседі

Автобус кеніш ойығына (тереңдігі 150 метр) 4 қаңтарда түсіп кеткен
Sputnik
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. "Майкайыңалтын" АҚ аумағында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Кеніш аумағындағы ойыққа түсіп кеткен автобусқа жету үшін құтқарушылар мен ауыр техникалар күні-түні жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Павлодар облыстық төенше жағдайлар департаменті.
Бүгінге дейін ойықтан 70 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары шығарылған. Автобус жатыр деп шамаланған жерге жету үшін ауыр техниканың көмегімен өтпе жолды тереңдету жұмыстары жалғасуда.

"Іздеу жұмыстарына барлығы 142 адам, 49 техника, 3 кинологиялық есеп және 2 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Бүгін топырақтың қозғалысын және шұңқырдың түбін өзгерту үшін ТЖД құтқарушыларын маркшейдер маманмен бірге ойыққа түсіру жоспарланған", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, автобус кеніш ойығына (тереңдігі 150 метр) 4 қаңтарда түсіп кеткен. Оның ішінде төрт адам болды. Екеуінің мәйіті табылды. Қалған екі адам мен автобусты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Шахтадағы трагедия: автобус тегіс жолмен келе жатқанда жер опырылып кеткен – министр