Елордадағы "Нұр-Сұлтан" және "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" теміржол стансаларының атауы өзгереді

Sputnik
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. "Ашық НҚА" порталында бірнеше теміржол стансасы мен разъездің атауларын өзгерту туралы қаулы жобасы жарияланды.
Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, елімізде бірқатар темір жол станциялары мен разъездерінің атауын өзгерту жоспарланып отыр. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан темір жол станциясын – Астана темір жол станциясына;
Нұр-Сұлтан Нұрлы жол теміржол станциясын – Нұрлы жол теміржол станциясына өзгерту көзделген.
Бұлардан басқа мына станция және разъезд атауы:
Жетісу облысында:
"БП Алматы бөлімшесі" филиалының 13 темір жол разъезі Ақши темір жол разъезіне;
Қызылорда облысында:
Қызылорда бөлімшесінің 26 теміржол станциясы Жетітөбе темір жол станциясына;
Маңғыстау облысында:
Маңғыстау бөлімшесінің 1 темір жол разъезі Күйкен темір жол разъезіне;
Маңғыстау бөлімшесінің 10 темір жол разъезі боздақ темір жол разъезіне;
Маңғыстау бөлімшесінің 460 темір жол разъезі Сарға темір жол разъезіне;
Маңғыстау бөлімшесінің тірек теміржол станциясы Боранқұл теміржол станциясына өзгереді.