Алматыда коммуналдық кәсіпорынның басшысы қамауға алынды

Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы тазалық" ШЖҚ МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
"Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл ақшаны орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасағаны, жалпы "қамқорлығы" үшін алған", - дейді ведомство.
Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.
Алматыда аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен қамауға алынды