Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АЭО: РФ қорғаныс министрлігі жинақталған тәжірибені әскери университеттерде пайдаланады

Әскерді пайдалану үлгілері мен әдістерін жетілдіруді, жауынгерлік құжаттардың ережелерін, жарғылар мен нұсқаулықтарды жаңартуды жалғастырамыз, деді Шойгу
Sputnik
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. РФ қорғаныс министрлігі арнайы әскери операция барысында жинақталған тәжірибені университеттер мен академияларда жауынгерлік даярлық кезінде қолдануды жалғастырады, деді жиында әскери ведомствоның басшысы армия генералы Сергей Шойгу.
"Біз әскери университеттер мен академияларда жауынгерлік даярлық пен оқу процесінде арнайы операция кезінде жинақталған тәжірибені пайдалануды, әскери қызметшілермен жұмыстарға жауынгерлік дағдылары бар нұсқаушыларды белсенді тартуды жалғастырамыз. Әскерді пайдалану үлгілері мен әдістерін жетілдіруді, жауынгерлік құжаттардың ережелерін, жарғылар мен нұсқаулықтарды жаңартуды жалғастырамыз", - деді ол министрлікте өткен селекторлық кеңесте.
Шойгу арнайы әскери операцияға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қамтамасыз ету Қорғаныс министрлігінің басым бағыттарының бірі болып қала беретінін айтты.
"Олардың барлығы бірдей кепілдікке ие болуы керек. Бұл соғыс ардагері мәртебесін алуға, қажетті төлемдерге, тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ медициналық көмекке, оның ішінде оңалту мен санаториялық-курорттық емделуге қатысты", - деп мәлімдеді РФ қорғаныс министрі.