АЛМАТЫ, 8 қаңтар - Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Жамбыл облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі.
Олар Жамбыл облысында "Қордай" өткізу пунктін салу кезінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
"Алдын ала болжам бойынша 194 млн теңгеден астам залал келтірілген. Соттың санкциясымен барлық күдіктілер: Қазавтожол филиалы директорының орынбасары, мердігер ұйымның өкілі және техникалық қадағалау сарапшысы қамауға алынды", - деп жазды антикор.