АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Украинаның цифрлық трансформация министрлігі онлайн картасының мәліметі бойынша Украинаның бүкіл аумағында әуе дабылы қағылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Картадағы мәліметке сәйкес, дүйсенбі күні Мәскеу уақытымен сағат 6.46-дан 7.26-ға дейін облыстарда әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды.
Ресей қарулы күштері Украина инфрақұрылымына соққы жасауды 2022 жылдың 10 қазанында бастады. Бұл оқиға Қырым көпіріндегі террактіден екі күн өткен соң болды.
Ресей билігінің пайымдауынша, көпірдегі шабуылдың артында Украинаның арнайы қызметтері тұр. Бүкіл ел бойынша энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы жасалды.
Содан бері Украина аймақтарында әуе дабылы күн сайын, кейде бүкіл елде жарияланады.
Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей әскері шайқаста тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымға соққы бермейді деп мәлімдеді.