АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Отардағы гвардия гарнизонының әскерилері жаппай төбелеске жұмыстан тыс уақытта қатысқан.
"Жаппай төбелес екі әскери қызметшінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде болған жоқ. Олар демалыс күнін өткізіп жүрген. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторында, тергеу жүріп жатыр. Олардың төбелеске қаншалықты қатысы бар-жоғы анықталатын болады", - дейді Тараз гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы подполковник Мухаринова Дина.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде Отарда жаппай төбелестің бейнежазбасы тарады. Қордай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері адамдар тобы жасаған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Төбелес кезінде екі азамат дене жарақатын алды. Қылмыстық істі тергеу барысында жаппай төбелесте гвардиялық гарнизонның келісімшарт бойынша әскери қызметшілері болғаны анықталды