Отарда жаппай төбелеске қатысқан әскерилер қамауға алынды

Төбелесте екі адам дене жарақатын алған
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Отардағы гвардиялық гарнизонның әскерилері жаппай төбелеске қатысқан, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Оқиға 1 қаңтарда болған.
"Қордай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері адамдар тобы жасаған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Төбелес кезінде екі азамат дене жарақатын алды. Қылмыстық істі тергеу барысында жаппай төбелесте гвардиялық гарнизонның келісімшарт бойынша әскери қызметшілері болғаны анықталды", - дейді ведомство.
Қылмыс жасады деген күдікпен алты адам ұсталды. Оның екеуі әскери қызметкер. Қазіргі күні екеуі де уақытша қамауға алынды. Тергеу жүріп жатқандықтан басқа ақпарат жария етілмейді, дейді министрлік.
Ақтөбеде жаппай төбелес кезінде екі жасөспірім қайтыс болды - прокуратура тексеру бастады