Әрбір қазақстандыққа төленетін төлемдер жайлы ақпарат жалған - министрлік

WhatsApp-та жаңа қаулы туралы хабарлама таратылуда. Онда Қазақстан азаматтарына 100 мың теңгеден бастап төлемдер төленетіні туралы жазылған
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Әрбір қазақстандыққа төленетін төлемдер жайлы жаңа қаулы туралы хабарлама фейк болып табылады, деп хабарлайды қаржы министрлігі.
WhatsApp-та жаңа қаулы туралы хабарлама таратылуда. Онда Қазақстан азаматтарына 100 мың теңгеден бастап төлемдер төленетіні туралы жазылған. "Есептеулерді тексеру" үшін пайдаланушыларға қаржы министрлігінің жалған сайтына апаратын сілтеме арқылы өту ұсынылады.
"Бұл ақпарат – алаяқтардың ісі. Әрбір қазақстандыққа төленетін төлемдер жайлы жаңа қаулы туралы хабарлама фейк болып табылады. Ресми дереккөздерде және БАҚ-та мұндай ақпарат жоқ. ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі таралған ақпаратты жоққа шығарды. Хабарламада көрсетілген мәліметтер шындыққа жанаспайды, ал тіркелген сілтеме ҚР Қаржы министрлігінің атынан ашылған жалған сайтқа апарады", - делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство өкілдері барлық ресми ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми порталында орналастырылатынын атап өтті.