Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей соңғы уақытта дрондарды көптеп өндіріп жатыр – Украина полковнигі

Sputnik
АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Украина Қарулы күштерінің полковнигі Иван Павленко Ресей дрондарды жаппай өндіріп, ұрыс даласында қолдана бастауы үлкен қауіпке айналғанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости Financial Times-қа сілтеме жасап хабарлады.
"Соңғы уақытта орыстар дрондарды көптеп өндіріп жатыр, бұл үлкен қауіп төндіріп отыр. Мұнда бұрын-соңды дрондар жаппай пайдаланылмаған еді", - дейді әскери қызметші.
Сондай-ақ шолушылар әуе күштері электронды соғыс құралдары тұрғысынан УҚК Ресей армиясынан едәуір артта қалғанын айтты.
Forbes басылымы Ресей Украина қарулы күштерімен күресу үшін көптеген FPV дрондарын шығаратынын хабарлады.
Ал Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Ресейде қару-жарақ пен әскери техника өндірісінің бірнеше есе өскенін мәлімдеді.