Құтқарушылар Майқайыңдағы автобус құлаған орынды сканерледі

Sputnik
АЛМАТЫ, 7 қаңтар - Sputnik. Құтқарушылар Майқайың кенішіндегі автобус апаты болған жерді сканерледі. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жұмыстар тәулік бойы ауыр техникамен жүргізіліп жатыр. Автобус пен екі адам әлі табылған жоқ.
7 қаңтарда "Богатырь Көмір" кәсіпорнынан кран орнатылды. Оның көмегімен "Алтыналмас АК" АҚ мамандары мен ТЖД құтқарушылары бос орындарды, металды немесе басқа да ауытқуларды іздеу үшін пайда болған үйіндіге геосканизация жүргізді.
Кранның көмегімен. бригада жерге түсіп, арнайы жабдықпен геосканизация жүргізді.
Бұған дейін іздеу жұмыстарына 134 адам, 37 машина, үш кинологиялық есеп және екі дрон қолданылғаны хабарланған болатын.