Еуропаның әуе билігі Boeing 737 MAX 9 ұшағының жұмысын уақытша тоқтатты – БАҚ

AlaskaAirlines авиакомпаниясының ұшағында жолаушылар салонындағы саңылаудың бітеліп қалуына байланысты тексерісжүргізіледі
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Еуропаның ұшуқауіпсіздігі агенттігі (EASA) АҚШ-тың азаматтық авиация федералды әкімшілігінің (FAA) бұрын қабылданған директивасына байланысты осы типтегі жолаушылар әуе лайнеріне қатысты соңғы оқиғадан кейін тексеріс жүргізу үшін Boeing 737 MAX 9 ұшақтарын пайдалануды тоқтата тұруға шешім қабылдады, деп хабарлады Reuters агенттігі.
Азаматтық авиация федералды әкімшілігінің бұйрығына АҚШ-тың AlaskaAirlines авиакомпаниясының ұшағында жолаушылар салонындағы саңылаудың бітеліп қалуы себеп болды. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеді.
"Еуропаның ұшу қауіпсіздігі агенттігі MAX 9 ұшақтары туралы директиваны қабылдады, ЕО-ға мүше елдің бірде-бір авиакомпаниясы қазіргі уақытта ұшақтарды пайдаланбайды", - деп жазды агенттік.
Британиялық әуе реттеушісі Boeing 737 MAX 9 ұшақтарын басқаратын барлық авиакомпанияның елдің әуе кеңістігіне кіру үшін FAA директивасының талаптарына сәйкестігін талап ететінін айтты.
Ал Түркияның Turkish Airlines авиакомпаниясы тексеру жүргізу үшін өзінің бес Boeing 737 MAX 9 ұшағын пайдалануды тоқтатты.