АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. 2024 жылдан бастап Астанада жекелеген азаматтар үшін жаңа әлеуметтік көмек түрі енгізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жыл сайын елордада әлеуметтік осал санаттарға кіретін 186 мыңға жуық адам біржолғы әлеуметтік төлеммен және тегін қызметтермен қамтылады.
"2024 жылы қазанның екінші жексенбісінде аталып өтетін Мүгедектер күніне орай әлеуметтік көмек қолданысқа енгізілді", - делінген хабарламада.
Төлем мөлшері:
1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 20 АЕК немесе 73 840 теңге,
2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға және барлық топтағы 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 10 АЕК немесе 36 920 теңге,
3 топқа – 5 АЕК немесе 18 640 теңге.
Бұдан бөлек, атаулы күндер мен мереке күндері азаматтардың мына санаттарына 2,5 АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі:
4 ақпан (Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні) – әлеуметтік маңызы бар аурулары бар азаматтар мен қатерлі ісікке шалдыққан балалар;
8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) – көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде тұрмысы төмен аналарға;
21-23 наурыз (Наурыз мейрамы) – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
7 мамыр (Отан қорғаушылар күні) – Қазақстан алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы алушылар қатарындағы зейнет жасындағы адамдарға;
31 мамыр (Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні) – саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер адамдарға;
1 маусым (Балаларды қорғау күні) – жетім балаларға;
29 тамыз (Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні) – Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға, зейнеткерлер мен біржолғы өтемақы алушыларға;
1 қазан (Қарттар күні) – жасы бойынша зейнеткерлерге және зейнетақының ең төменгі мөлшерін алушылар қатарындағы зейнеткерлік жастағы адамдарға;
1 желтоқсан (Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні) – адамның иммун тапшылығы вирусынан, оның ішінде адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушылардан зардап шегетін адамдар қатарынан әлеуметтік маңызы бар аурулары бар азаматтарға.
Бұдан басқа, "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы" Қазақстан заңында белгіленген тәртіппен 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 16 желтоқсанда (Тәуелсіздік күні) 60 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
45 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі:
15 ақпан (Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығару күні) – "Ардагерлер туралы" заңның 5-бабы 2, 3, 4, 5-тармақтарында көрсетілген басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлерге; Ауғанстанда әскери қызмет өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бекітілген әскерилерге;
26 сәуір (Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу күні) – жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқан адамдар қатарындағы басқа адамдарға.
9 мамыр – Жеңіс күніне әлеуметтік көмек мына азаматтарға беріледі:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 миллион теңгеден кем емес;
жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – 45 АЕК;
басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлеріне – 45 АЕК;
басқа адамдарға, еңбек ардагерлеріне – 15 АЕК.
25 қазан – Республика күніне орай тұрмысы төмен азаматтарға (АӘК алушылар қатарынан) 4,5 АЕК әлеуметтік көмек көрсетіледі.