АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында Қырғызстаннан құжаты жоқ бір вагон темекі өнімдерін Қазақстанға әкелу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Тәркіленген темекі өнімдерінің құны 808 млн теңгені құрайды.
Тергеу барысында бюджетке төленетін акциз алымының сомасы анықталды. Мемлекеттік кірістер органдарының бағалауынша бұл 320 млн теңгеден асады.
Қазір бірқатар жедел-іздестіру шаралары, соның ішінде тиiстi сараптамалар жүргiзiліп жатыр. Оның қорытындысы негізінде қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады.
ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
ҚМА өкілеттікті теріс пайдалану, ақша жымқыру немесе басқа да экономикалық құқықбұзушылық фактілері жайлы АФМ Insider телеграм ботына хабарлауды сұрайды. Анонимділікке кепілдік беріледі.