Qarmet шахталарында қалпына келтіру жұмыстары басталды

Sputnik
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Qarmet акционері Андрей Лаврентьев пен Qarmet бас директоры Вадим Басин Теміртау қаласындағы ЖЭО-2, ЖЭО-ПВС және кокс-химия өндірісінің қазіргі қызметімен танысты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Кокс-химия өндірісінің директоры Руслан Деревянко өндіріске шикізат уақытында жеткізіліп отырғанын баяндады.
Qarmet шахталарында қалпына келтіру жұмыстары басталды
"Кездесу барысында апатты ғимараттар, құрылыстар, газ құбырлары бойынша ең өзекті деген мәселелер талқыланды. Аталған мәселелердің барлығы бірінші кезекте пысықталады. Сондай-ақ қолданыстағы кокс батареяларын жөндеу және салу маңызды", - деді Кокс-химия өндірісінің бас инженері Анатолий Фадеев.
Желтоқсан айында компанияның сегіз шахтасының тек екеуі ғана жұмыс істеген болатын. Жұмыстың тұрып қалуы өндірістік көрсеткіштерге де, кеншілердің жалақысына да кері әсер етеді.
Сондай-ақ компания басшылығына Саран шахтасының жағдайы таныстырылды. Биыл онда бірнеше лаваны іске қосу жоспарланып отыр.
1 / 3

Qarmet шахталарында қалпына келтіру жұмыстары басталды

2 / 3

Qarmet шахталарында қалпына келтіру жұмыстары басталды

3 / 3

Qarmet шахталарында қалпына келтіру жұмыстары басталды

"Біз 600 метр тереңдікке түстік. Онда біз наурыз айында іске қосуды жоспарлап отырған 71 К-12/3 болашақ лаваның монтаждау камерасына бардық. Сонымен қатар тағы бір 41 К7 в лава болады. Бұл К12 және К7 маркалы көмір өндірудің жылдық көлеміне 1,3 млн тоннаға дейін шығуға жағдай жасайды", - деп атап өтті Саран шахтасының директоры Сергей Бамилер.
Инспекция қорытындысы бойынша Андрей Лаврентьев шахтерлердің өздері ұсынған жаңашылдық процестерін егжей-тегжейлі қайта зерделеуді тапсырды.