АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Майқайың кенішінде төтенше жағдай болды. Құтқарушылар мінген автобус жердің астына құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін түнгі сағат 01.25-дің шамасында Баянауыл ауданындағы Майқайың шахтасының жанында жер опырылып, 4 адам мінген автобус тереңдігі 150 метр шұңқырға құлап кетті. Опырылып түскен жердің ұзындығы - 150-200 метр, ал ені 500 метрге дейін жетті.
"Апат кезінде автобуста 4 адам болған. Олар – апаттық-құтқару қызметі облыстық филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ", - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде жедел штаб ұйымдастырылды. Оқиға орнына Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов, төтенше жағдайлар депаратменті мен жергілікті атқарушы органдардың басшылығы барды. Психологтар да сонда.
Құтқару операциясын 44 адам мен 3 техника, сондай-ақ, бір дрон жұмылдырылды.