Қоғам

Алматыдағы аграрлық университетте миллиондаған бюджет қаражаты ұрланған

Университетке тиесілі коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық жасалған
Sputnik
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражаты ұрланды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасы.
Келтірілген шығын 43,8 млн теңгені құраған. Тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ прокурорлар университетке тиесілі коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде 7,9 миллион теңгеге алаяқтық жасалғанын анықтады.
Сотқа дейінгі тергеу Медеу ауданының полиция бөліміне тапсырылды.
Еріктілер 800 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын талан-таражға салуға жол бермеді