АСТАНА, 3 қаңтар - Sputnik. Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу ережелеріне түзетулер енгізілді.
"Орналастыру орындарында туристік жарнаға нөл пайыз мөлшерінде мөлшерлеме қолданылады", - делінген түзетулерде.
Бұған дейін Қазақстанда 0,2-ден 0,5 АЕК-ке дейін (690-нан 1726 теңгеге дейін) тіркелген мөлшерлемелер қолданылған.
Сондай-ақ ережеден туристер ағыны ұлғайған немесе төмендеген жағдайда мөлшерлемені көтеруді немесе төмендетуді көздейтін тармақтар алынып тасталады.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шетелдіктерден міндетті туристік жарна-bed tax енгізілді. Өткен жылы ол алынбады, ал 2023 жылдың басында елдің 30-дан астам қалалары мен аудандарында 1%-тен 5%-ке дейінгі мөлшерлемелер бекітілді.
Кейінірек бұл мөлшер қайта қаралып, пайызбен емес, АЕК-ке байланысты есептелді. Алайда, турбизнес өкілдері жалпы жарнаның болуына наразылықтарын білдірді.