Фото

Путин, Назарбаев, Че Гевара, Хабиб: Ұлу жылы туған танымал тұлғалар – фото

Шығыс жұлдыз жорамалына сәйкес айдаһарға, қазақша жыл санауы бойынша Ұлу жылына қай жылдар жатады және осы жылдары қандай атақты тұлғалар дүниеге келгені туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіздер.
Sputnik
Қазақша жыл санауы бойынша Ұлу жылы 12 жылда бір рет келеді. Сонымен, 1904, 1916, 1928, 1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012, 2024 жылдар ұлу жылы болған. Сондықтан биыл қазақша күнтізбе бойынша Ұлу жылы 2024 жылдың 22 наурызында, яғни күн мен түн теңеліп, жаңа жыл келген кезде кіреді.
1 / 20

Аты аңызға айналған француз қолбасшы – Жүз жылдық соғыстағы рөлімен танымал Жанна д'Арк. Тарихи деректер бойынша 1412 жылдың 6 қаңтарында дүниеге келген.

2 / 20

Аргентиналық революционер, Куба революциясының қолбасшысы және кубалық мемлекет қайраткері Эрнесто Че Гевара. 1928 жылдың 14 маусымында дүниеге келген.

3 / 20

Аты аңызға айналған жекпе-жек шебері және киноактер Брюс Ли 1940 жылдың 27 қарашасында дүниеге келген.

4 / 20

Ресей президенті Владимир Путин 1952 жылдың 7 қазанында дүниеге келген.

5 / 20

Ресейлік аралас жекпе-жек спортшысы Хабиб Нурмагомедов UFC атынан өнер көрсетті. Ол 1988 жылдың 20 қыркүйегінде дүниеге келген.

6 / 20

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 1940 жылдың 6 шілдесінде дүниеге келген.

7 / 20

Америкалық актер және режиссер Аль Пачино, 1940 жылдың 25 сәуірінде туған.

8 / 20

Элизабет Тұрсынбаева – коньки тебуден жеке жарысқа қатысқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Ересектерге арналған ресми жарыста төрт қарғып секіруді орындаған тарихтағы бірінші мәнерлеп сырғанаушы. 2000 жылдың 14 ақпанында дүниеге келген.

9 / 20

Испан суретшісі Сальвадор Дали. 1904 жылдың 11 мамырында дүниеге келген.

10 / 20

"Жігіттік сөз. Асфальттағы қан" сериалының жұлдызы актер Лев Зұлқарнаев 2000 жылдың 9 ақпанында туған.

11 / 20

Атақты футболшы, Бразилия құрамасының шабуылшысы, әлем чемпионы Пеле 1940 жылдың 23 қазанында өмірге келген.

12 / 20

Amazon.com интернет-компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос 1964 жылдың 12 қаңтарында дүниеге келген.

13 / 20

Италиялық киім дизайнері Роберто Кавалли 1940 жылдың 15 қарашасында туған.

14 / 20

Кеңес Одағының театр және кино актрисасы Татьяна Пельцер 1904 жылдың 6 маусымында дүние есігін ашты.

15 / 20

Италиялық актриса және модель Моника Беллуччи, 1964 жылдың 30 қыркүйегінде дүниеге келген.

16 / 20

Орыс прима-балеринасы Диана Вишнева, 1976 жылдың 13 шілдесінде туған.

17 / 20

Британиялық әнші, әндердің авторы және ақын Адель, 1988 жылдың 5 мамырында дүние есігін ашты.

18 / 20

Барбадосс әншісі, актриса, музыкалық продюсер Рианна 1988 жылдың 20 ақпанында туған.

19 / 20

Америкалық актриса Эмма Стоун 1988 жылдың 6 қарашасында дүниеге келген.

20 / 20

Америкалық актер Стивен Сигал, 1952 жылдың 10 сәуірінде туған.