АЛМАТЫ, 3 қаңтар - Sputnik. Ақмола облысында жолда 15 көлік соқтығысты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 2 қаңтарда сағат 15:00 шамасында болған.
"Жол апатына ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Салдарынан 15 жеңіл автокөлік зардап шекті. Жол апатынан миы шайқалған бір адам Макинск қаласына жедел медициналық жәрдем вагонымен эвакуацияланды, сондай-ақ оқиға кезінде зардап шеккендерді жылыту үшін вахта жіберілді", - дейді ведомство.
Полиция азаматтардан белгіленген қозғалыс жылдамдығын, аралықты және қашықтықты сақтауды сұрайды. Сондай-ақ, шұғыл қызметтердің қозғалысты шектеу туралы хабарламаларын мұқият қадағалаңыз және қолайсыз ауа-райында елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз, дейді полиция.