Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Белгород билігі авиациялық қауіп туралы ескертті

Таңертеңнен бері Украина қарулы күштері Ресейдің Белгород облысын атқылауды жалғастырып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Ресейде Белгород мэриясы қала мен Белгород ауданы тұрғындарына авиациялық қауіп туралы ескертті.
"Назар аударыңыз! Белгород қаласы мен Белгород ауданы. Авиациялық қауіп бар. Мүмкіндігінше үйде болыңыздар. Терезеге жақындамаңыздар", - деп жазылған Telegram каналындағы хабарламада.
РИА Новостидің хабарлауынша, Белгородта тағы да қауіпті ескерту сигналы қосылды.
Таңертеңнен бері Украина қарулы күштері Белгород облысын атқылауды жалғастырып жатыр. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі 12 зымыранды, атап айтқанда, алты "Точка-У" және алты "Ольха" снарядын атып түсірген.
Бір күн бұрын Украина қарулы күштері Белгородқа жиырма төрт "Ольха" және екі "Точка-У" зымыранын бағыттады, олардың барлығын әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері атып түсірген. Бұл шабуылдардан бір адам қаза тауып, 11 адам жараланды.