АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет метеорологиялық қызметі 2024 жылдың 4-6 қаңтарына жасалған ауа райы болжамын жариялады.
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, құбылмалы болады.
Боран соғып, көктайғақ болады, екпінді жел тұрады.
Тек еліміздің оңтүстік шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.
Республиканың солтүстік батысында және солтүстігінде түнде ауа температурасы 0-13 градустан 5-25 градус аязға дейін ауытқиды, деп ескертті синоптиктер.