АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. "City Transportation Systems" компаниясы аялдамаларда автобус уақытын көрсететін таблолардың не себепті істемей қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде қаладағы автобустарда электронды жол ақысын төлеу және диспетчерлеудің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Жаңа жүйеге көшуге байланысты интеграциялық жұмыстар атқарылады.
"Сондықтан аялдамалардағы ақпараттық таблоларда автобустың келу уақыты уақытша көрсетілмейді. Бұл мәселе 2024 жылдың қаңтар айының соңына дейін шешіледі", - дейді мамандар.
Автобустардың қозғалысы мен нақты орналасқан жері туралы ақпаратты Аvtobуs мобильді қосымшасынан көруге болады. Оны App Store, Google Play мен AppGallery-ден жүктеп алуға мүмкіндік бар.
Жаңа онлайн-жүйеге көшу жұмыстары аяқталғаннан кейін қосымша төлем түрлері іске қосылады. Олар:
Банк картасымен тікелей төлеу;
Автобустағы планшеттегі QR кодты сканерлеу;
NFC-Apple Pay, Samsung Pay және Google Pay арқылы;
"Avtobys.kz" мобильді қосымшасы арқылы Bluetooth-бен төлем жасау.
Қазіргі уақытта төлем жасаудың жаңа жабдығы 764 автобусқа орнатылды. QR код көрсетілген жапсырмалар ауыстырылып жатыр.