Талдықорғанда дәмханада жаппай төбелес болды: 3 адам қамауға алынды

Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды
Sputnik
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде болған жаппай төбелестке қатысқан үш адам қамауға алынды, деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

“Полицияға қала орталығындағы ойын-сауық орындарында топпен төбелес болғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер төбелеске қатысушыларды қалалық басқармаға жеткізді. Дәмхана әкімшілігі ресми мәлімдемемен полицияға жүгінді. Төбелеске қатысқан үш адам ұсталып, қамауға алынды”, – делінген полиция таратқан хабарламада.

Бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі (адамдар тобымен жасалған бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
"Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды. Тергеу барысында іске қатысушы әрбір тұлғаның әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылдану арқылы тиісті баға беріледі", – деп атап өтті Жетісу облыстық полиция басқармасының бастығы Арман Саданов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорғандағы мекемелердің бірінде Жаңа жыл қарсаңында жаппай төбелес болған еді.