Қарағанды облысында ірі жол апаты болды – желіде видеосы тарады

Sputnik
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысында болған ірі жол апатының видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл оқиға бүгін сағат 13:20 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолында болған. Ауа райының қолайсыздығынан 7 бірдей көлік соқтығысты. Ресми мәліметке сәйкес, зардап шеккен адамдар жоқ.
"Аталған автокөліктер жолды жаппай тұрғанда Астанадан Қарағандыға қарай өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеуі салдарынан көліктер бір-біріне соғылған", - дейді полицейлер.
Полиция көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпауды сұрайды.
Айта кетері, ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 17 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Қар, бұрқасын, көктайғақ: 5 облыста жолдар жабылды