Тоқаев қаңтар оқиғасы, АЭС құрылысы туралы көлемді сұхбат берді

Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады
Sputnik
АСТАНА, 2 қаңтар– Sputnik. Президенттің Дихан Қамзабекұлына берген сұхбаты ертең Egemen Qazaqstan газетінде жарық көреді. Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
"Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, "Қазақ газеттері" ЖШС бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланады", — делінген Берік Уәлидің желідегі жазбасында.
Оның айтуынша, сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады.
Сондай-ақ президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады.