Қоғам

Бірыңғай жиынтық төлем енді болмайды

"ЕСП" өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар үшін уақытша енгізілген болатын
Sputnik
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Жаңа жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлемнің қолданылу мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бірыңғай жиынтық төлем жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 2019 жылы уақытша енгізілген болатын. Егер олар тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетсе және кірісінің сомасы жылына 4 миллион теңгеден аспаса, бірыңғай жиынтық төлем төлейтін.
"ЕСП" төрт міндетті төлем түрін біріктірді:
жеке табыс салығы;
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
зейнетақы жарнасы;
міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына аударымдар.
Бірыңғай жиынтық төлемнің ай сайынғы мөлшері: республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК; ал басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК болды.
Алайда үкімет бес жыл бойы қолданылған бірыңғай жиынтық төлемді биылдан бастап алып тастауды жөн көрді. Шенеуніктердің сөзіне сенсек, БЖТ өзін-өзі ақтамаған.
Бірыңғай жиынтық төлемнің қолдану мерзімі аяқталды