АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. 2021 жылы президент"Алматы-Астана" тасжолын екі жыл ішінде жөндеуді тапсырған еді. Алайда мың шақырымға жуық жолдың тек 200 шақырымнан астамы қолданысқа берілді, депхабарлады 24.kz.
Енді атқамінерлер биыл жыл соңына дейін созбалаңға салынған құрылысты аяқтаймыз деп уәде беріп отыр.
Қала тұрғыны Еркеұлан Тойболдин 15 жылдан бері көлік жүргізеді. Жеке көлігімен еліміздің біраз өңірін шарлады. Жылына бірнеше рет Алматыға барады. "Қарағанды-Алматы" тас жолын жақсы біледі. Бұрын 13 сағатта Алматыға жететін. Қазір уақыт еке есеге ұзарды.
"Қарағанды мен Жамбыл облысындағы жол өте нашар. Сол жерде бір-екі рет дөңгелегімді жарып алдым", - дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Еркеұлан Тойболдин.
"Қарағанды-Балқаш" аралығында жол апаты жиі болады. 350 шақырымдық жолды жөндеу жұмысы 2019 жылы басталды. Сол кезде төрт жолақты автобан жобасы 250 миллиард теңгеге бағаланды. Бірақ содан бері мердігер ауысып, жоба қымбаттап кетті. Құрылыс 2022 жылы аяқталуға тиіс еді.
"Балқаш – Бурылбайтал" жолының ұзындығы 288 шақырымды құрайды. 72 шақырымға келгенде біз мердігер компаниямен келісімшартты үзіп, жаңадан мердігер сайладық. Дүниежүзілік банк қаржыландырып жатыр. Сондықтан 72 шақырымда жұмыста кішкене кедергі болып қалды. Бірақ Астанадан Алматыға дейін 2024 жылдың аяғына дейін толығымен аяқтаймыз деп жоспарлап отырыз", - деп түіндірдіАвтомобиль жолдарыкомитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков.
"Бұрылбайтал-Күрті" күре жолы Қонаев қаласына жалғасады. Жол бойындағы Ақши ауылынан Қонаев қаласына дейінгі 60 шақырым аралықты кеңейту көзделген. Әзірге оның 20 шақырымы толық аяқталды.