Қоржынкөлде джип мінген балықшылар суға батып кете жаздады – видео

Ерейментау ауданының тұрғындары көлге балық аулауға барған
Sputnik
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында балықшылар мінген жол талғамайтын көлік суға батып кете жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға орнында түсірілген видеоны ведомство әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Ерейментау ауданының тұрғындары Қоржынкөлге балық аулауға барған. Джиппен көл үстімен келе жатқанда мұз жарылып кеткен. Көлік жартылай суға батқан. Балықшылар бірден құтқарушыларды шақырған.
"Құтқарушылар дереу шақыру орнына шығып, арнайы құтқару техникасының көмегімен көлікті шығарып алды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ", - дейді департамент мамандары.
Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын мұзға шықпауға үндеді.