Біз ешқашан шегінбейміз, бізді бөліп-жаратын күш жоқ – Путин

Путин ресейліктерге арнаған жаңа жылдық үндеуінде Ресей алға жылжып, болашағын құруы керек екенін айтты
Sputnik
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге жаңа жылдық үндеу жасады.
Ол өткен 2023 жылы Ресей өзінің ұлттық мүдделерін, бостандығы мен қауіпсіздігін берік қорғағанын еске салды.
Оның айтуынша, орысты біріктірген басты құндылық – Отанның тағдыры және Ресей бастан өткеріп жатқан тарихи кезеңнің маңыздылығын терең түсіну.
"Ортақ игілікке жұмыс істеу қоғамды біріктірді. Біздің ойымыз бір. Еңбекте де, шайқаста да. Жай күндері де, мереке күндері де. Орыс халқының ең маңызды қасиеттері: ынтымақ, мейірімділік, қайсарлықты көрсетіп отырмыз", - деді мемлекет басшысы.
Ол Украинадағы әскери қызметкерлерге де сөз арнады.
"Біз сіздерді мақтан тұтамыз, сіздер батырсыздар, сіздер бүкіл халықтың қолдауын сезініп жатырсыздар",- деді президент.
Ол Ресей ешқашан шегінбейтінін, елді бөліп-жарып, дамуын тоқтататын күш жоқ екенін баса айтты.
Соңында Ресей басшысы барша отбасыға ізгі тілегін білдірді.
"Біз Ресейдің тағдырын шешеміз, біз бір үлкен отбасымыз және сенімді түрде дами береміз, біз біргеміз", - деп түйіндеді ол.
Путиннің Кремльдегі сөзі шамамен төрт минутқа созылды. Оны бірінші болып жаңа жылды қарсы алып үлгерген Камчатка тұрғындары көрді.