Қазақстан ғалымдары Энергетика министрлігінен қаржы ала алады – конкурс жарияланды

Ведомство қолдайтын жобалардың басты бағыттары – атом энергетикасы, ядролық технологиялар және атом энергиясын пайдалану
Sputnik
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылы Энергетика министрлігінің ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға бөлген қаржысын арнайы конкурс жеңімпаздары алады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 3 қаңтары мен 1 ақпанына дейін жалғасады.
"Энергетика министрлігі "Энергия, озық материалдар және көлік" басым бағыты бойынша 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс жариялайды", - делінген хабарламада.
Конкурстық өтінімдерді Энергетика министрлігіне бағдарламаның ғылыми жетекшісі мен өтініш берушінің электронды цифрлық қолтаңбасымен растап, электронды түрде "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ ақпараттық жүйесі арқылы сілтеме бойынша беру қажет, деп толықтырды ведомство.
Конкурстық құжаттама және өтінімді ресімдеу бойынша барлық сұраққа Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен арнайы тағайындалған сарапшы Әсел Исаева телефон арқылы жауап береді. 8 (7172)-78-97-50 нөмірі және электронды пошта арқылы a.isayeva@energo.gov.kz электронды поштасына дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00 бен 18.30 аралығында жіберуге болады.
Сондай-ақ анықтамаларды "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ ақпараттық жүйесінің Call center-нен алуға болады (is.ncste.kz) өтінімдерді тіркеу және ЖСН алу үшін: 8-727-355-50-02 (ішкі. 207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін хабарласу керек.