Қаракөлде аққулар жаппай қырылды – мамандар себебін айтты

Қырылған аққулардан құс тұмауы анықталды
Sputnik
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Ақтау қаласына жақын Қаракөлде 30 аққудың неден қырылғаны анықталды, деп хабарлайды Lada.kz.
Экологтар алдымен судың сынамасын алды. Талдау нәтижесіне сәйкес, зиянды қалдықтардың шекті мөлшері анықталған жоқ.
Ал облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты инспекция мамандары құстардан тест сынамасын алды. Қорытындысы оң болып шықты. Қырылған аққулардан құс тұмауы анықталды.
Айта кетері, "Қарақия-Қаракөл" мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары көлдің жағасында 30 аққудың өлігін тапқан болатын
Қаракөл жағасынан 30 өлі аққу табылды