АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады.
Путин өтіп бара жатқан жыл Ресей-Қазақстан қарым-қатынастар үшін өте жемісті болғанын атап өтті: өзара тауар айналымы қарқынды түрде өсті, түрлі салаларда бірлескен жобалар сәтті жүзеге асырылды.
"Биыл Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шартқа қол қойылғанына он жыл толды, ол екі мемлекеттің көпжоспарлы ынтымақтастығы үшін берік заңдық негізді қамтамасыз ете отырып, дәйекті түрде іске асырылуда", - делінген Кремль мәлімдемесінде.
Ресей президенті екіжақты байланыстарды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және екі бауырлас халықтың мүдделері үшін жауап беретін басқа да көпжақты құрылымдар шеңберіндегі әріптестік өзара іс-қимылды одан әрі арттыру бойынша белсенді және сындарлы бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты.
Жақында екі ел басшысы Санкт-Петербургте кездесіп, газ саласындағы ынтымақтастықты талқылаған болатын.