Астанада ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр

Халықаралық әуежайдың аэродромы 9.30-дан түскі 12.00-ге дейін жабылды
Sputnik
АСТАНА, 30 желтоқсан - Sputnik. Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты 27 рейс кешігуде, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.
Халықаралық әуежайдың аэродромы 9.30-дан түскі 12.00-ге дейін жабылды.

"Рейстердің кешігуі жолаушылардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Кешіктірілген рейстер келесі рейстердің кешігуіне әкелуі мүмкін, осыған байланысты жолаушыларға әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтерінде рейстің мәртебесі мен ұшу уақытын алдын ала анықтау қажет", - делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, әуе компанияның кінәсінен рейс кешіктірілген жағдайда, жолаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кешігу ұзақтығына байланысты қызметтер (салқын сусындар, ыстық тамақ, қонақүйде орналастыру) ұсынылады.
Қоғам
Жаңа рекорд: қазақстандық әуе компаниялар 13 млн жолаушы тасымалдаған