Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада жарылыс салдарынан жылу электр станциясына зақым келді

Sputnik
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. "Укрэнерго" компаниясы өзінің Telegram каналында жарылыс салдарынан Украинаның шығыс облыстарының бірінде жылу электр станциясы зақымданғанын хабарлады.
"Шығыс аймақтағы жылу электр станциясы қайтадан атқыланды, жабдықтарға зақым келді", - делінген "Укрэнерго" хабарламасында.
Ресей Қарулы күштері Украинаның инфрақұрылымына соққы беруді 2022 жылдың 10 қазанында – Қырым көпіріндегі жарылыстан кейін екі күннен соң бастады.
Ресей билігінің мәліметінше, жарылыстың артында Украина арнайы қызметі тұр. Елдің барлық аумағында энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы жасалып жатыр. Содан бері Украинада күн сайын, кейде бүкіл ел бойынша әуе дабылы іске қосылып келеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазір сайлау өткізетін уақыт емес – Зеленский