АЛМАТЫ, 29 желтоқсан - Sputnik. Қазақстанда ақша аударымдар жүйесі арқылы халықаралық қаржы аударымдарының көлемі қысқарды, деп хабарлайды Ranking.kz.
Мәселен, 2023 жылғы қаңтар–қазанда шетелге жіберілген қаражат көлемі 806,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ке аз.
Шетелден алынған ақша көлемі 2022 жылғы қаңтар - қазанмен салыстырғанда 2,2 есеге азайып, биылғы жылдың 10 айында 258,5 млрд теңге болды.
Биыл қаңтар–қазан айларында Қазақстаннан жіберілген қаражаттың жартысынан көбі Өзбекстан мен Ресейге аударылған. Сондай-ақ қомақты қаражат Түркияға (184,5 млрд теңге) және Грузияға (76,7 млрд теңге) жөнелтілді.